- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

39

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Талғат Мамаев тағайындалды.

Ол экономика және қаржы салалары бойынша жетекшілік ететін болады. Мамаев Талғат Шариұлы 1977 жылы Жамбыл облысында туған, білімі жоғары. 1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы Жамбыл ауданы бойынша салық комитетінің маманы ретінде бастаған.

2003-2006 жылдары Жамбыл облысы бойынша Салық комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, төраға орынбасары, 2006-2008 жылдары Қазақтан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің әкімшілендіру және ірі салық төлеушілерді мониторингілеу басқармасының басшысы, 2008-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бастығы, 2012-2014 жылдары Қарағанды облысы бойынша салық департаментінің басшысы, 2014-2017 жылдары Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры қызметтерін атқарған. 2019 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек етті.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support