- Advertisement -

Жас сарбаздар әскери ант қабылдады

325

- Advertisement -

 


Жас сарбаздар әскери ант қабылдағанға дейін бір ай көлемінде оқу тәрбие процесінің жоспарына сәйкес алғашқы әскери дайындықтан өтті. Сабақ барысында сарбаздың, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін, жалпыәскери жарғының тиісті қағидаларын жаттады. Сонымен қатар қарумен ату кезіндегі қауіпсіздік шаралары сақтауды, Ак-74 қаруының құрлысын меңгеріп, практикалық сабақтарда алғашқы жаттығуларды орындады.
Әскери ант қабылдаған жас сарбаздар, кіші мамандар даярлайтын әскери мектептерге бөлінеді. Яғни, мотоатқыштар, танкішілер және артиллерия әскери мектептерінде мамандық бойынша білімдерін жетілдіреді.
Мәселен, кіші мамандар даярлайтын мотоатқыштар әскери мектебінде – (БМП-2) жаяу ұрыс машинасының механик-жүргізушісі мен көздеуші-операторы, (БТР-80) брондалған көліктің механик-жүргізушісі мамандықтары бойынша әскери білім алады.
«Отан алдындағы әскери борышымды өтеуге «Отар» Гвардейск гарнизонына келгеніме және дәл осында әскери қызмет атқарып жүргеніме қуаныштымын. Мен, әскерге келген күннен бастап әскери қызмет барысында көп нәрсе үйрендім. Бүгін мен үшін өте есте қалатын күн болды себебі, мен бүгін әскери ант қабылдадым, бұл ұмытылмас сәт, үлкен жауапкершілік. Әскери ант – бұл менің Отан алдындағы азаматтық борышым және патриоттық парызым. Мен, Қазақстан Республикасына адал қызмет етемін!», – деді Ақмола облысынан шақырылған курсант Сармағамбетов Айбек Ардақұлы
Оқу орталығының курсанттары алты ай көлемінде оқып, кіші маман куәлігін алады және әрі қарай әскери борышын өтеу үшін Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдеріне жіберіледі.
COVID-19 індетіне байланысты карантин режимін сақтау мақсатында әскери ант қабылдау іс-шарасы сарбаздардың ата-ана, туыстарының қатысуынсыз өткізілді.

Гвардейск гарнизоны
баспасөз қызметінің бастығы
майор Жомарт Тажиханов

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support