- Advertisement -

Асқар Мамин: Қазақстан балық өндірісін 600 мың тоннаға дейін арттыра алады

22

- Advertisement -

Елімізде 2030 жылға қарай балық өндірісінің көлемін 600 мың тоннаға дейін жеткізу мүмкіндігі бар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

«Биыл ақпан айында Атырауда өткен кеңестің қорытындысы бойынша әкімшілік кедергілерді азайтуға және балық шаруашылығы саласын дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық бастама әзірленді. Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемді оңтайландыруға, балық өсіру шаруашылығын тиімді аймақтарға бөлуге және орналастыруға, балық аулаудың және балық аулайтын кемелердің тиімді графигін белгілеуге, тыйым салынған балық аулау құралдарының айналымы үшін жауапкершілікті белгілейтін нормаларды қатаңдатуға ерекше назар аударылды», — дейді ҚР Премьер-Министрі.

Асқар Маминнің айтуынша, барлық қажетті заңнамалық түзетулер биылғы қыркүйекте Парламентке енгізілетін болады.

«Жемшөпті субсидиялау және инвестициялық шығындарды өтеу бөлігінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп жатыр.

Тауарлы балық өсіруді дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларға жеңілдетілген несие беру көзделген. Жалпы, саланың әлеуеті жоғары.

Қабылданып жатқан шаралардың арқасында биылғы жылы өсірілген балықтың көлемін соңғы екі жылда 1,6 есеге арттырып, тауарлы балықты 9 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр», — дейді ол.

Сондай-ақ Үкімет басшысы 2030 жылға қарай балық өндірісінің көлемін 600 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік бар екенін атап өтті.

«Агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымында балық шаруашылығы саласы базалық салалардың бірі болуы тиіс. Экспорт көлемі 10 есе артып, 300 мың тоннаға дейін жетеді. Кемінде 100 мың қосымша жұмыс орны құрылатын болады.

Әр өңірде балық өндірісі ұйымдастырылуы тиіс. Бизнес субъектілеріне су қоймалары бекітіліп, жаңа ауланған сапасы жоғары балық сататын сауда орындарының санын арттыру керек», — дейді ол.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support