- Advertisement -

Биыл картоп қымбат

92

- Advertisement -

Амангелді ӘБІЛ

Карантин кезінде көптеген жеке құрылымдардың жұмысы тоқтап тұрғаны белгілі. Осынау бір қысылтаяң шақта баға тұрақтылығын сақтап, көтерілмеуін қадағалау маңызды. Бұған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев үнемі назар аударып, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар беріп те келеді.

Өңірлік коммуникация қызметінде онлайн режимде өткен брифингте облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жандос Жақыпов «Әлеуметтік азық-түлік тауарлары бағаларының жағдайы туралы» хабарламасында осы мәселеге тоқталды.
Биылғы шілде айында облыс бойынша инфляция 104 пайызды құрағанын, оның ішінде азық-түлік бойынша әлеуметтік тауарлар инфляциясы 105,5 пайыз болғанын атап көрсеткен хабарламашы жыл басынан азық түлік инфляциясы 29 пайыз көтерілгенін жеткізді. Оған қарақұмық бағасының 233 теңгеден 300 теңгеге көтерілгені әрі төтенше жағдай кезінде Ресей импорты әсер етіпті. Онымен қоса, пияз бағасы 36, сәбіз 20, картоп 43 пайыз көтерілген. Бұл жылда маусым аралық кезеңдегі ерте пісетін өнімнің өзіндік құнына байланысты көрінеді.
Дегенмен, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда қырыққабат бағасы 17, пияз 27, сәбіз 12 пайыз төмен болып, тек картоп бағасы ғана 36 пайыз жоғарылаған. Баға өткен екі жылда артығымен өндірілген картопқа сұраныстың төмендеуі әсер еткендіктен көтеріліпті. Бағаның өсу динамикасына өткен жылдың екінші жартысынан басталған ұн биылғы жыл басынан 5, нан, рожки, айран, күнбағыс майы 1, сарымай 10, сиыр еті 3, тауық еті 2 пайызға көтеріліп, инфляцияға өз әсерін тигізген.
Тараз қаласының негізгі 12 ірі сауда орындарындағы бағаларды мониторингілейтін 4 мобильдік топ жасақталған. Аталмыш топтар аудандық деңгейде де құрылыпты.
Баға мәліметтері күнделікті талданып, негізгі себептері анықталалған соң ақпарат бәсекелестікті қорғау департаментіне жолданады екен.
Тұрақтандыру қорын қалыптастырудың жаңа тетіктері 2019 жылдың 7 қарашасындағы облыс әкімдігінің қаулысымен қабылданып,бүгінде қорға 1703 тонна тауар жинақталса,оның ішінде 494 тонна қант,1165 тонна ұн және 45 тонна күріш бар көрінеді.
Басқарма басшысының орынбасары Тараз қаласындағы негізгі сауда орындарынан арнайы әлеуметтік сөрелер ашылғанына, 9 әлеуметтік дүңгіршек қызмет атқарып тұрғанын еске салды. Маусым-шілде айларында наубайханалар сұранысы еркін нарықпен қамтылыпты. Былғы жылдың тамыз айынан бастап «Алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатқанынан да хабардар еткен Б.Жақыпов «Жоба әлеуметтік азық-түлік тауарларын өндірушіден тікелей тұтынушыға тиімді бағадан жеткізуге мүмкіндік береді. Жоспар бойынша 4621 тонна жергілікті өндірушінің тауарлары өткерілетін болады» деді.
Ол үшін тауарды сатып алатын кәсіпкерлік субъектілеріне 1 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген бюджеттік несие Үкімет қорынан қарастырылыпты. Маусым аралық кезеңге Шу ауданы Белібасар ауылы маңайынан көкөніс сақтайтын көтерме тарату орталықтарының құрылысына лайықты жер телімінің сызбасы Сауда және интеграция министрлігіне ұсынылып, құрылыс жобасы әзірленіп жатқанынан да журналистерге мәлім етті.
Б.Жақыпов баға тұрақты бақылауға алынған дейді, ал журналистер көкейінде «баға бақылауға көне ме? деген сұрақ кетті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support