- Advertisement -

«Майтөбеліктер» мол өнім күтеді

145

- Advertisement -

Есет ДОСАЛЫ
Талас ауданындағы «Майтөбе» өндірістік кооперативі 130 үйдің пай үлесінен құралған. Биыл 950 гектарға күздік бидай сеуіпті. Кооператив төрағасы Ермахан Жолтаев сол егіннің шаруасымен тыным таппай шапқылап жүр.


Биыл егіннің шығымы жаман емес. «Майтөбеліктер» бидайдың әр гектарынан 21 центнерден өнім алуды көздейді. Одан бөлек жотадағы шабындық та орақ салуға келіп тұр. Берікқара ауылдық округінің әкімі Ербол Смайловтың айтуынша, майтөбеліктерге малдарын қыстан қоңын түсірмей шығару үшін жылына 10 мың тонна шөп, 4 мың тонна жем қажет екен. Осы меженің 5 мың тонна шөбі мен 2 мың тонна жемін «Майтөбе» өндірістік кооперативі әзірлейді. Бұл межені жүзеге асыруға биыл да мүмкіндік бар. Мұндағы механизатор, егінші, жұмысшылардың табысы көңілден шығады. Олардың жалақысы бидай есебінен де беріліп, еңбектері оң бағаланып келеді.
— Биылғы егістік пен шөптің шығымы жаман емес. Көңіліміз толады. Ол осындағы тұрғындардың ортақ нәсібі, ортақ олжасы. Коперативте еңбек етіп жатқан азаматтардың еңбекке ынтасы жақсы, ынтымақтары жоғары. Қазір мемлекет тарапынан да қолдаулар көп. Келешекте сол қолдауларды пайдаланып, тракторларымызды шетінен жаңалап алсақ деген ойымыз бар. Қазіргі таңда төрт тракторымыз науқандық жұмыстарды атқаруда. Ауылдың экономикасын еселеу жолында тер төгіп жатрымыз, -дейді «Майтөбе» өндірістік кооперативінің төрағасы Ермахан Сәтмаханұлы.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support