- Advertisement -

Президент жаңа оқулық әзірлеуді тапсырды

54

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Абай – рухани реформатор» атты мақаласында елімізде абайтанумен айналысатын бірнеше ғылыми-зерттеу орталығының жұмысын жүйелеп, елордамыздағы Абай академиясының төңірегіне топтастыру керек екенін айтты, деп хабарлайды Егемен Қазақстан басылымы.

«Академия барлық зерттеу мекемелерінің жұмысын ғылыми тұрғыдан үйлестіруші міндетін атқара алады. Алдағы уақытта гуманитарлық пәндердің бөлінбес бөлшегі ретінде «Абайтану» курсын оқыту мәселесін қолға алу керек. Жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан «Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеу қажет. Сондай-ақ Абайдың «толық адам» ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керектігін де баса айтты.

«Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндеттіміз. Түптеп келгенде, әрбір қазақ Абаймен мақтануға тиіс!», — деген Мемлекет басшысы қазақ халқын Ұлы ақынның торқалы тойымен құттықтады.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support