- Advertisement -

Ақтөбе облысында балалардан Кавасаки синдромы анықталды

28

- Advertisement -

Кавасаки синдромы– қан тамырларын зақымдайтын аса сирек ауру. Қазіргі уақытқа дейін бұл жаман диагноз Ақтөбе қаласында екі баладан расталды. Оларды ауруханаға аса ауыр күйде жеткізген.

Дәрігер Мейрамбек Құрманғазин балаларда коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі анағұрлым төмен екеніне алданбауға шақырды. Бұл туралы «Мой город» басылым хабарлады. Медицина қызметкерінің айтуынша, КВИ жұқтырып алған науқастардың сексен пайызында ауру белгілері жоқ болғанымен, кейін денсаулығында түрлі қиыншылдықтар туындауы мүмкін. Оның сөзінше, кейбір балаларда бұл инфекция Кавасаки индромына әкеп соғуда. Дәрігер бұл ауру кезінде дене қызуы көтеріліп, адамды әлсіздік басады. Оған қоса, оның үстінде аллергияға ұқсас ісіктер пайда болады. Кейбір жағдайда, тіптен тахикардия да пайда болуы мүмкін. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Даньяров Кавасаки синдромы осымен екі баладан анықталғанын мәлімдеді. Олардың бірі бес жаста, екіншісі 15-те болып шықты. Қазіргі таңда, жасөспірімдер облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Екеуі де емханаға аса ауыр күйде түскен болатын. Алайда, бүгінде олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Даньяровтың айтуынша, оларды педиатрия мен балалар хирургиясы институтының ғалымдарының кеңесімен емдеуде.

Негізі Кавасаки синдромына шалдықты деген күдікпен ауруханаға бастапқыда бес бала келіп түскен. Алайда, қауіпті диагноз үш баладан анықталмады. Дәрігерлер балалардың COVID-19 белгілерінің асқынуы пайда болған жағдайда бірден мамандарға жүгінуге кеңес береді. Олардың сөзінше, бұл ауруды емдеуді дер кезінде бастаған жөн.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support