Саясат

Көңілді эстафета

Көңілді эстафета

Отбасы – шағын мемлекет. Шағын мемлекеттің шаңырағы шайқалмауы үшін түрлі отбасылық шаралардың алар орны ерекше. 

Тараз қалалық прокуратурасында да прокуратура қызметкерлерінің отбасыларының арасында өткен спорттық эстафеталық жарыс барлығының есінде қаларлықтай көңілді әрі тәрбиелік мәні зор болып ұйымдастырылды. Осы күні балалар өз өнерлерін қуана ортаға салып, фотобәйгеге де үлкен ықыласпен ат салысты. Отбасы күні мерекесін қабыстырған спорттық шараға Дәулет Әбдіхалық, Шафкат Таштамиров, Бекен Абдуллин, Бахтияр Жайымбаевтың жақындарынан құралған отбасылық топтар қатысты. Нәтижесінде, ептілік пен жылдамдық танытқан Таштамировтар отбасы бірінші орынды, Абдуллиндер отбасы екінші орынды иеленді. Өзгелері қалған жүлдені бөлісті. Тараз қаласының прокуроры Бағлан Телеу мұндай мереке отбасы құндылықтарын арттырып, тәрбие институтын қалыптастыратындығын айтып, барлық қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар тапсырды. Прокуратура саласының ардагерлері де өз лебіздерін білдірді.

Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».