- Advertisement -

Коронавирустың екінші толқыны үшін Қазақстан 24 млрд теңгеге дәрі-дәрмек құрын құруда

46

- Advertisement -

Үкімет басшысы Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы «СҚ-Фармация» логистикалық хабына барып, онда коронавирус инфекциясын емдеуге арналған дәрілердің бар-жоғымен және еліміздің денсаулық сақтау мекемелерін медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев ауруханалар мен провизорлық орталықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін препараттардың 91 атауы жеткізілетінін мәлім етті. Өткен айда медициналық препараттар өңірлер бойынша 8,7 миллиард теңгеге бөлінген. Ауруханалардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жедел түрде қосымша дәрі-дәрмектер сатып алынған, емделушілер амбулаториялық деңгейде тегін ала алатын дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілген.

Коронавирустың екінші толқыны басталатын жағдай орын алса, компанияда 24 млрд теңге сомасына екі айлық дәрі-дәрмек қоры құрылуда, сондай-ақ карантин кезеңінде жекеменшік дәріханаларды нарық өз бетінше толықтыра алмайтын тапшы 19 дәрімен жабдықтау мәселесі пысықталып жатыр. «СҚ-Фармация» оларды қалалар мен ауылдық елді мекендердегі әр дәріханаға дейін толық жеткізеді.

Үкімет басшысы өңірлерге дәрі-дәрмектердің тиелуін ерекше бақылауға алуды, күзгі-қысқы маусымда COVID-19-дан емдеу үшін барлық қажетті медициналық препараттардың болуын қамтамасыз етуді, дәрі-дәрмектерге қажеттілік артқан жағдайда шұғыл әрекет етуді, сонымен қатар, бөлшек сауда секторын тапшы дәрі-дәрмекпен толықтыру бойынша тапсырманы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support