- Advertisement -

Бейруттағы жарылыстан кейін мұнай бағасы қымбаттай бастады

32

- Advertisement -

Бейрутта болған күшті жарылыстан кейін сейсенбіде АҚШ аукциондарында Техас жеңіл майлы мұнайының (WTI) бағасы көтерілді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Бұған Нью-Йорк тауар биржасының мәліметтері дәлел.

Жергілікті уақыт 15:05 бойынша WTI маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 0,64 $(1,56%) көтеріліп, 41,65 $ құрады. Сауда-саттық кезінде бірінің құны, тіпті 42 доллардан асты.

NationsShares қаржы компаниясының президенті Скотт Нейшнс CNBC телеарнасына берген сұқбатында Бейруттағы жарылыс WTI мұнайы құнының бой көтеруінің басты себептерінің бірі екенін атап өтті.

— Біз геосаяси тұрақсыздықтан қорқамыз, — деді ол. Сарапшы бұл оқиға мұнай тасымалына кедергі әкелуі мүмкін деп болжайды.

АҚШ қор нарығында негізгі баға көрсеткіштері бір күн ішінде әртүрлі бағытта өзгерді. Күннің соңында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support