- Advertisement -

Мемлекет басшысы Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

28

- Advertisement -

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Бейрутта болған жарылысқа қатысты түсініктеме берді.

«Ливандағы Бейрут қаласының портында бірнеше жойқын жарылыс болды. Қалалық инфрақұрылымға зиян келді, адам шығыны бар. Жарылыс туралы ақпаратты алғаннан кейін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды», — делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің парақшасында жарияланған Мұхтар Тілеубердінің түсініктемесінде.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта Қазақстанның 113 азаматы Ливанда консулдық есепте тұр.

«Дипломаттарымыз олармен байланыста, қазақстандықтардың арасында зардап шеккендер жоқ. Өздеріңіз білетіндей, дипломатиялық миссия кеңсесіне де жарылыстың зияны тиген болатын. Ол алдағы уақытта қалпына келтіріледі. Қызметкерлеріміз бен олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ. Өздеріңіз білетіндей, Ливанда БҰҰ бітімгершілік контингенті бар. Оның құрамына 120 қазақстандық жауынгер кіреді. Қазір оларды ротациялау процесі жүріп жатыр және күні кеше ғана қазақстандық бітімгерлер қызмет ететін орындарына аман-есен жетті», — деді министр.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support