Жаһан

Қазақ азаматы электр қуатын беретін құрылғы ойлап тапты

Қазақ азаматы электр қуатын беретін құрылғы ойлап тапты

9

Baq.kz – Әлі де өндіріске шыға қоймаған (суретте) қондырғыны Әбдімүтәлі Дұрманұлы жасаған. Қолынан шыққан дүниені «Жаңабатыр» деп атапты. Артықшылығы сол желден электр энергиясын өндіреді. Киіз үйдің пішініне ұқсас жасалған құрылғы шағын болғанымен, электр қуатын беретін күші көп дейді автор. Зейнеткер қондырғының жобасын 1996 жылдан бері жүзеге асыра алмай келе жатқанын айтады. Дәл қазір Шымкенттегі зауыттардың бірінде негізгі нұсқасы жасалуда. Отандық инвесторлар қаржы құйып, сынақтан өткізіп береміз деп уәде бергеніне де біраз уақыт өтіпті. Алайда мұндай желден қуат көзін өндіретін құрылғылар Еуропа елдерінде бұрыннан бар. Бірақ киіз үй пішіндес жаңа құрылғының ешбір баламасы жоқ. Егер қуат көзіне сұраныс артса, мұның да көлемін үлкейтуге болады дейді өнертапқыш. Шебер бұл туындысын ЭКСПО көрмесіне ұсынуды жоспарлап отыр.