- Advertisement -

Қазақстанда 5 жасқа дейінгі балалардың маска тақпай жүруіне рұқсат берілді

43

- Advertisement -

Қазақстанда 5 жасқа дейінгі балалардың маска тақпай жүруіне рұқсат берілді. Бұл шешім АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Франция, Польша, Германия, Испания және Сингапур сияқты елдердің тәжірибесіне сүйене отыр қабылданған, деп хабарланды www.coronavirus2020.kz сайтының телеграм каналында.

«Америка Құрама Штаттарында маска кимеуге рұқсат етілген жас әртүрлі болады. Мысалы, Массачусетс, Иллинойс, Вермонт, Род-Айленд, Пенсильвания, Колумбия округі, Нью-Йорк қаласында 2 жасқа дейінгі балаларға, ал Делавэрада 11 жасқа дейінгі балаларға маска кимеуге болады», — делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Германияның көп аймағында 6 жасқа дейін, Саксония-Анхальтта 2 жасқа дейін маска тақпауға болса, басқа аймақтарында төменгі жас белгіленбеген.

«Австралияда 12 жасқа дейін, Ұлыбританияда 3 жасқа дейін, Испанияда — 3-5 жас аралығында маска тақпауға болады. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі маскаларды міндетті түрде киюге қатысты қабылданған нормаларға өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады және 5 жастан асқан балалар маска кию керек деп шешті. Ережені әзірлеу кезінде ДДҰ ұсыныстары ескерілді», — делінген хабарламада.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support