- Advertisement -

2 банка энергетик сусыны мен 30 000 теңге талап еткен шенеунік

25

- Advertisement -

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызмет бірнеше сотқа дейінгі тергеулерді бастады.

Соның бірі – Шымкент қаласының Абай ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу.

«2020 жылғы 24 шілдеде күдікті Шымкент қаласының бір дүкенінің иесінен карантин ережелерін бұзғаны үшін оны әкімшілік жауапқа тартпау мақсатында 30 мың теңге сомасында ақшалай қаражатты және жалпы сомасы 700 теңге болатын «Gorilla» энергетикалық сусынын алды деп күдіктелуде», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер бойынша 1 департаментінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support