Таразда түрме қоршауынан есірткі лақтырған азамат ұсталды

15

Таразда колония қоршауынан кептірілген марихуана лақтырмақ болған ер адам ұсталды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/4 түзеу мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері түскен мәліметтерге сәйкес, жедел іздестіру-шаралары барысында түзеу мекемесінің негізгі қоршауынан  скотчпен оралған 3 ораманы лақтыруға ниеттенген 1993 жылғы азаматты құрықтады.

«Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/4 мекемесінің негізгі қоршауынан салмағы 290 грамм болатын есірткі затын лақтырмақ болған азамат ұсталды. Тараз қаласының тұрғыны бұл затты ЖД-158/4 мекемесінің негізгі қоршауы бойынша лақтырғанын мойындады», — делінген хабарламада.

Comments are closed.