- Advertisement -

Алматыда бір қабатты үйде жарылыс болды

34

- Advertisement -

29 шілде күні кешке Жетісу ауданындағы бір қабатты жеке үйде газ атылып, жарылыс болды 

Жарылыс салдарынан үйдің күл-талқаны шығып, қабырғалас көрші екі үйдің шатырларына да ішінара зақым келді.

— Іздестіру-құтқару және қирандыны жинау жұмыстары дереу ұйымдастырылды. Үйінді астынан бір әйел табылды. №7 бөлімнің өрт сөндірушілері 49 жастағы әйелді қиранды арасынан алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Денеcінің термиялық күйіктерімен ол 4-ші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

 Жарылыстың алдын-ала себебі — газ тетігінің ашық қалуы. Оқиға орнында газдың апаттық-құтқару қызметі жұмыс істеуде.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support