- Advertisement -

Тыйым салынған заттарды кіргізбек болған

103

- Advertisement -

Таразда тергеу изоляторы қызметкерлері танысына тыйым салынған затты кіргізбекші болған азаматты ұстады. 1989 жылы туылған азамат сәлем-сауқат арқылы дәретхана қағазына оралған 2 пакетті өзінің танысына бермек болған. Бұл сәтті ЖД-158/1 мекемесі жедел бөлімінің қызметкерлері қалт жіберген жоқ.

Тәркілеу барысында дәретхана қағазына оралған 2 пакеттің бірінен ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тәрізді зат пен ақ түсті 20 таблетка табылса, екінші пакеттен де ерекше иісі бар өсімдік шөбі табылды.

Аталған дерек бойынша жедел-тергеу тобы және Тараз қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері шақыртылып, сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Әсел Ильясова, ЖД-158/1 мекемесі жедел бөлімінің аға жедел уәкілі, әділет капитаны.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support