- Advertisement -

Алтын бағасы бір жыл ішінде 10 пайызға қымбаттады

66

- Advertisement -

Алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар бір жыл ішінде шамамен 10%-ға қымбаттады. Ең қымбат баға Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақтау, Атырау қалаларында тіркелді, деп хабарлайды energyprom.kz сайты.

Маусым айында зергерлік және оған ұқсас бұйымдар өндірісі 62,6 млн теңгені құрады. Ал мамыр айында көрсеткіш бұдан да төмен болып, 55,5 млн теңгені құрады.

2020 жылдың маусым айында еліміздің ірі қалалары мен мегаполистеріндегі алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың орташа бағасы бір грамм үшін 18,3 мың теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы бағаға қарағанда 9,5%-ға көп. Құнды металдан жасалған ең қымбат зергерлік бұйымдар Нұр-Сұлтан, Ақтау мен Атырау қалаларында болып отыр.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support