Тамыз айында 42 500 теңге беріле ме?

4

Карантиннің тағы екі аптаға ұзартылуына байланысты тамыз айында қазақстандықтарға 42 500 теңге берілуі мүмкін бе? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жауап берді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік комиссияға карантин мерзімін ұзарту мәселесін қарау туралы тапсырма жүктелген болатын. Таяуда өтетін мемлекеттік комиссияның отырысында бірқатар міндет қаралып, оның ішінде халық пен экономиканы қолдау мәселесі де пысықталады. Бұл мәселе сол себепті мемлекеттік комиссияның отырысынан кейін белгілі болады», — деді Руслан Дәленов.

Comments are closed.