- Advertisement -

Жерлесіміз Батыр Жүкембаев АҚШ-та алғашқы жекпе-жегін өткізеді

37

- Advertisement -

Қазақстандық Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды. Ол қыркүйектің соңында рингке оралады. Батыр АҚШ-та алғашқы жекпе-жегін өткізеді деп жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшының баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, Жүкембаев тамыздың басында Мәскеуге оқу-жаттығу жиынына аттанады.

«Қыркүйектің соңында АҚШ-та маңызды жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын. Промоутерім осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Әзірше рингке кімге қарсы шығатыным белгісіз, бірақ қарсыласым жоғары деңгейден болады», — деді Жүкембаев.

Батыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегін биыл қаңтарда өткізіп, мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) жеңген еді. Қазақстандық боксшы жекпе-жегінің бәрін Канадада өткізген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support