- Advertisement -

Татарстаннан келген бір топ дәрігер Жамбыл облысына табан тіреді

52

- Advertisement -

Татарстаннан бір топ дәрігер Жамбыл облысына табан тіреді.  Бұл облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Татарстан Президенті Рустам Миннихановтың келісімі бойынша ұйымдастырылды.

Татарстан дәрігерлері отырған ұшақ Тараздың Әулие-Ата халықаралық әуежайына келіп қонды. Делегацияны облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов және «Тараз» ӘКК»ҰК» АҚ басқарма төрағасы Олжас Каржауов күтіп алды.

Келген дәрігерлердің қатарында дәрігер-инфекционист, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиолог және амбулаториялық-емханалық қызметтің мамандары бар.

Марат Жұманқұловтың айтуынша, Татарстаннан келген мамандар коронавирус пен пневмония аймағындағы емдеу хаттамаларымен танысып, жергілікті дәрігерлерге консультациялық және әдістемелік көмек көрсетпек.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support