Саясат

Жириновский үшін кешірім сұрады

Жириновский үшін кешірім сұрады

7Су ішкен құдығына түкіруден еш жалықпайтын орыс саясаткері Владимир Жириновский мәселесі Ресейдің Мемлекеттік думасында қаралатын болды. Бұл туралы кеше Астанада өткен социал-демократтардың халықаралық конференциясында Мемлекеттік дума депутаты Олег Нилов мәлімдеді деп хабарлайды, -  "Алаш айнасы". – Мен оның бұл пасық әрекеті үшін кезекті рет кешірім сұраймын.  Ол (Жириновский) жол берілмеуі тиіс халықаралық арандатушылыққа бара береді. Оның келесі деңгейі енді фашизм болып табылады. Басқа мемлекеттердің парламентінде, аттарын атамай-ақ қояйын, ондайлар пашкілеп жүр, ал Ресейде ол біреу ғана, осынысы бізге кішкене болсын көңілге демеу. Бірақ бұл оның бүкіл оспадар қылығына төзіп, бетіне жіберіп қою керектігін білдірмейді, –

дейді Олег Нилов. Жириновскийдің Қазақстанға қатысты айтып жүргендерінің барлығын орыс депутаты арандатушылық әрекет деп бағалады. – Қазақстан Президенті де және біздің партия да мұны міндетті түрде баса айтуымыз керек. Ертеңнен бастап Мемлекеттік думаның отырыстары басталады, демалыс кезеңі аяқталды. Мен мұны осы арада айтумен шектелмеймін. Біз Мемлекеттік думаның пленарлық отырысында да бұл мәселені көтереміз, – деп сөзін қорытындылайды ол.