- Advertisement -

Сирияда бомба қойылған мотоцикл жарылды

49

- Advertisement -

Сирияның Идлиб қаласында бомба қойылған мотоцикл жарылып, салдарынан 12 адам жарақат алды, басым бөлігі — балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN Turk агенттігіне сілтеме жасап.

«Кешке қала орталығында белгісіз біреулер жарылғыш заттары бар мотоциклді жарып жіберген. 12 адам жарақат алды, көбісі – балалар», — делінген хабарламада.

«Ақ дулығалар» атты азаматтық қорғау тобы оларды жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. Осы маңдағы азаматтар өртті өз күшімен сөндіруге тырысқан. Оқиғадан кейін 23:00-де сол ауданда бомба жарылды.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support