Саясат

Судьялар тағайындалды

Судьялар тағайындалды

Облыс соттарындағы судьялардың қатары толықты. Елбасының Жарлығымен Мәуленов Думан Болатұлы Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына, Бексұлтанова Айгүл Бексұлтанқызы облыс бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, Өзбеков Серік Тұрысбекұлы Т. Рысқұлов аудандық сотына, Дүкенбаева Ләйлә Жұманбайқызы Талас аудандық сотына судья лауазымдарына тағайындалды. Облыстық соттың төрағасы Марғұлан Бектұрғанов оларға сәттілік тілеп, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде әділ әрі бейтарап болуға шақырды.

«Ақ жол-Ақпарат».