Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы қарсаңында Қазақстанның 562 елдімекені қамтылған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» жобасы жүзеге асуда. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов хабарлады.
– Келесі жылдың қаңтар айының соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуы болады. Сонда «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» жобасы қорытындыланады. Ассамблея 1995 жылдың 1-наурызында құрылған болатын. Бұл жоба да осы жылдың 1 наурызынан бастау алды. Өзге жобалардан ерекшелігі, жоба облыстар арасында емес, аудан орталықтары мен елдімекендер, ауылдар арасында өтуде. 562 елдімекен қамтылған жоба келесі жылы да жалғасын таппақ, – деді ол.
Мұнымен қоса, Ералы Тоғжановтың айтуынша, ҚР Конституциясы мен Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойын атап өтудің ұлттық жоспары дайын.
Айта кетерлігі, 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып белгіленген болатын.