АҚШ-тың мемлекеттік қарызы белгісіз жағдайда 7 есеге азайды
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы белгісіз жағдайда 7 есеге азайды
АҚШ-тың ірі мемлекеттік қарызы белгісіз жағдайларда 7 триллион долларға қысқарды. Мұндай деректер Сент-Луис банкінің Федералды қор сайтында жарияланды. Алайда, соңынан бұл ақпараттың қате екені анықталды. Мәселенің мән-жайы анықталғанша, АҚШ-тың іскерлік әлемі белгісіз күй кешкен. Кей деректерге сәйкес, мемлекет қазынасындағы құнды қағаздардың жеке инвесторлар қолындағы үлесі 2014 жылдың басында екі есеге қысқарған. Абырой болғанда қателікті тез түзеп үлгерді. Сент-Луис банкінің сайтында қазір АҚШтың мемлекеттік берешегі 17,7 триллион доллар деп көрсетілген. Бұл соманың басым бөлігі дәлірек айтсақ, 13 триллионға жуығы түрлі инвесторлардың меншігінде, ал қалған 5 триллион доллар ішкі қарыз.