Әдебиет

Қайран әке…

Қайран әке…

Қайран әке, озғансың сан дүбірден, Қара жолың қол бұлғап қалды ұлыңмен. Маған кекшіл болма деп өзің тағы, Төбелесіп барасың тағдырыңмен. Қайдам әке, бақ емес сор тапқаным, Қос жүрекке құйылып ортақ қаның. Маған батыр бол дейсің, өзің бірақ Қоштасатын сәттерден қорқақтадың. Сен кетерде суылдап сұрақ қанат, Бар жырымды желпіді бір-ақ парақ. Маған батыл бол деп ап өзің тағы, Алаңдадың артыңа жылап қарап. Еркесі боп жаныма жат еріктің, Балалықтың бармағын қате еміппін. Маған мықты бол дейсің, өзің бірақ Әлсіз жанын сездірдің әкеліктің. Әйтпесе, әке, артыңда шұбап таңнан, Шерлі жолда шаңыңмен шуақтанған. Мен онсызда мықты екем көз жасыңды, Көре тұра жыламай, шыдап қалған. Шыдап қалғам, шамасы шыдатты Аллам, Маған қарап сені де жұбатты арман. Мен сондықтан мықты екем тік тұрғызар, Асқар таудың өзін де құлап қалған!

Нұржан Қадірәлі