Мәдениет

Мүмкіндігі шектеулі, ерік-жігері шектеусіз

Мүмкіндігі шектеулі, ерік-жігері шектеусіз

Үстіміздегі жылғы 18-19 қыркүйек аралығында мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер арасында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» облыстық фестивалі өтпек. Оған Тараз қаласы мен аудандардан барлығы 102 үміткер қатысып, «Үздік спортшы», «Кәсібінің үздігі», «Ақылдылар», «Үздік студент», «Үздік жасампаз», «Ең тату отбасы», «Алтын қауырсын», «Үздік би», «Үздік орындаушы» аталымдары бойынша сынға түседі деп күтілуде. Өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылған байқау бұдан былай дәстүрге айналмақ және әр төрт жыл сайын республикалық деңгейде ұйымдастырылатын болады. Ал оның аясында өңірлік турлар жылма-жыл тұрақты өткізіле де бермек. «Бұл шараның мақсаты – мүгедек жандардың қоғамдық белсенділігін, өмірге деген сенімін арттыру, мемлекет оларға қандай қамқорлық жасап жатқанын көрсету» дейді ұйымдастырушылар.

«Ақ жол-Ақпарат».