Жамбылда не жаңалық?

Қан құрамында қант көп болса, дәрі ішкеннен гөрі көбірек қимылдау керек - Ғылыми кеңес

Қан құрамында қант көп болса, дәрі ішкеннен гөрі көбірек қимылдау керек - Ғылыми кеңес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетел ғалымдарының пікірінше, қан құрамында қант көбейсе, адам ағзасы қатерлі ісік ауыруына шалдығуға бейім болады, деп жазады Росбалт. 

Осы мәселеге байланысты 16 зерттеу жұмысына әр елден барлығы 900-ге жуық адам қатысты. Зерттеу қорытындысы бойынша, адамның қанында қант мөлшері жоғары болса, қатерлі ісікке шалдығу қаупі 22 пайызға артады.

Қант диабетіне шалдығу алдында тұрған, қан құрамында қанты көп адамдарға мамандар дәрілерді ішкеннен гөрі көбірек қимылдап, организмге физикалық күш түсіру қажеттігін ескертеді.

Ақпарат көзі kazinform.kz