- Advertisement -

Жамбыл облысында бір аптада ауруханадағы науқастар саны 16 пайызға азайды

71

- Advertisement -

Жамбыл облысында бүгінде коронавирустың таралуына қарсы қабылданған шаралар оң нәтиже беруде. Атап айтар болсақ, ауруды тұрақтандыру үрдісі байқалып, емделген адамдар саны көбейіп, жедел жәрдем шақыртулар саны азайған. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 шілдедегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының 3122 жағдайы тіркелген.

«Бір апта ішінде ауруханаға жатқызылған науқастар саны 16 пайызға азайды. Коронавирустан емделіп шыққандар саны – 1432-ге жетті, бұл науқастардың жалпы санының 45 пайызы. Жалпы төсек сыйымдылығы 715-тен 1780-ге дейін артты. Уақытша стационарлардағы төсек жүктемесі 33 пайызға, ал реанимация бөлімшелерінде 13 пайызға азайды. Қазіргі уақытта COVID-19 және пневмониямен ауыратын науқастарды емдеу үшін стационарлық төсек орындары жеткілікті», — делінген хабарламада.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support