99 жастағы әженің ерлігі (ФОТО)
99 жастағы әженің ерлігі (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Айова штатынан ғасырға жуық жасаған әже Лилиан Вебер Африкадағы иіні жүдеу, тұрмысы төмен қыздар үшін 840 көйлек тікті, деп хабарлады www.muslim.kz.
Келесі жылы жүзге толатын әже өзінің мерейтойына орай көйлектер санын мыңнан асыруды көздеп отыр. Әженің қолынан шыққан көйлектер тек сапасымен ғана емес, сонымен қатар, сәнімен де ерекшеленеді. Яғни, көйлектердің сән үлгісі бір-бірін қайталамаған. Лилиан әже көйлек тігуді таңертеңгі уақыттан бастайды. Түскі ас кезінде үзіліс жасап, аздап тынығып алғаннан кейін қайта көйлек тігуге отырады. Күніне бір көйлектен тігеді екен.
Ақпарат көзі kazinform.kz