- Advertisement -

Тараздағы 15-ші ықшам ауданның өзіне 4 мектеп керек

92

- Advertisement -

Бүгінде Жамбыл облысы бойынша тозығы жеткен мектеп ғимараттарының құрылысымен қатар, жаңа білім ұяларын салу да өзекті болып отыр.

Мәселен Тараз қаласында жаңадан бой көтерген 15-ші ықшам ауданында әзірге бірде-бір мектеп жоқ. Ал жаңа оқу жылы жақындап қалды.

Облыстық мәслихаттың сессиясында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бұл мәселеге қатысты:

«Ескі ғимараттарды жөндеумен қатар, енді бой көтеріп жатқан ықшам аудандар мен тұрғын алқаптарында жаңа мектептер салуды да басты назарда ұстауымыз қажет.

Мысалы, 15-ші ықшам ауданда кемі 4 мектеп болуы керек. Ол үшін келесі жылға қаржы алу үшін Үкіметпен жұмыс жасап жатырмыз», деп мәлімдеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support