- Advertisement -

Вакциналарды уақытылы алған балаларда вирус жеңіл өтеді

71

- Advertisement -

Қазір, вирус туралы түрлі алыпқашпа әңгімелер қоғамда қызу талқыланып жатыр.  Кейбіреулер күзде пневмония өршіп балалар жаппай ауырады десе, екіншілер қауіпті кесел оларға жұқпайды, — дейді. Бірақ вирус кәрі жасты талғамайды екен.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

«Күздің кезінде басқа да вирустық инфекциялар бас көтеретіні белгілі. Грипп, парагрипп басқа да вирустар бар. Олардың көбісі асқынған кезде вирустық пневмонияға алып келеді».

Педиатр дәрігерлер күзде маусымдық аурулардың қозған шағында, пневмония да өршуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Дегенмен коронавирус инфекциясын балалардың ағзасы жеңіл көтеретінін растайды. Бұл құбылыстың сырын әзірге ешкім білмейді. 

Ғалия Сейдалиева, бірінші санаттағы педиатр-дәрігер:

«Балаларда  туылғаннан бастап вакцинация болады, әрдайым  вакцинация жасалады. Сол екі, үш, төрт айда алынатын вакцина Хиповский деп аталады, немесе гемофильная палочкаға қарсы тұратын вакцина. Сол вакциналарды уақытылы алса, балаларда осы пневмония, гемофильді қоздырғышы бар барлық аурулар жеңіл түрде өтеді».

Айта кетейік, вирус жұқтырған жүкті әйелдердің дені дүниеге коронавирус инфекциясы жоқ бала алып келеді екен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support