- Advertisement -

Мектеп директорларының жалақысына 100 пайызға дейін үстемақы қосылды

91

- Advertisement -

Қазақстанда педагогтердің жалақысын ұлғайту бойынша шаралар қабылданды, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес:

2020 жылдың қаңтарынан бастап педагогтердің лауазымдық жалақылары 25%-ға көбейді. Педагогтердің лауазымдық жалақылары жыл сайын 25%-ға өсіп отырады және 4 жылдың ішінде педагогтердің еңбекақылары екі есеге артады.

Сонымен қатар, біліктілік санаты бойынша:

педагогтерге лауазымдық жалақыдан 30-дан 50%-ға дейінгі мөлшерде;

мектеп директоры мен олардың орынбасарларына лауазымдық жалақыдан 30-дан 100%-ға дейінгі мөлшерде үстемақылар енгізілді.

2020 жылдың қыркүйегінен бастап дәптер тексеру мен сынып жетекшілігі үшін төленетін үстемақы көлемі екі есеге артады.

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі бар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне 10 АЕК (27 780 теңге) мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

Одан бөлек, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының тәлімгерлік жүргізетін мұғалімдеріне 17 697 теңге мөлшерінде үстемақы төленеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support