Экономика

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық тас жолының Қордай ауданындағы құрылысы аяқталды (ФОТО)

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық тас жолының Қордай ауданындағы құрылысы аяқталды (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қордай ауданында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық тас жолының 80 қашырымдық бөлігінің құрылысы аяқталды. 

Құрылысты «Дженгиз Иншаат» АҚ мердігер компаниясы жүргізді. Жоба бойынша, 12 құрылғы, оның ішінде екі транспорттық айналма жол, 10 көпір мен жол өткелдері қарастырылған.

Көлік магистралінің 80 шақырымдық учаскесінің негізгі жолы - 69,5 шақырымына цемент бетонды жамылғы, Қордай асуының 10,5 шақырымына қиыршық тасты асфальт-бетонды жамылғы төселген.

Сонымен қатар, жолда автопавильондары бар автобус аялдамалары мен демалыс алаңқайлары, айналма жолдарды жарықтандыру қамтылған.

2 3 4

Ақпарат көзі kazinform.kz