- Advertisement -

Жалған диплом сатумен айналысатын сайт әшкере болды

72

- Advertisement -

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари диплом сататын ресурстардан, яғни алаяқтардан сақ болуға шақырады.

«Біз интернетте диплом сататын ресурстарға әрдайым мониторинг жүргізіп отырамыз. Оларды тапқан кезде бірден дабыл қағып, арнайы органдарға жібереміз. Осылайша домен өшіріледі. Жарнама жарқыраған әдемі дипломдарды, бағаларды, қандай да бір аккредитацияларды көрсетеді. Достар, абай болыңыздар», — деп жазды вице-министр Facebook парақшасында.

Жазбадан түсінгеніміз, сайттың атауы — Diplomas Universities of Kazakhstan немесе kmiparasat.kz. Вице-министрдің хабарлауынша, жоғары оқу орындары беретін дипломның бәрі тіркеледі.

«Бүкіл диплом біздің базада сақталады. Адамның дипломының шын-өтірігін анықтау қиын да емес. Алаяқтардан абай болыңыз», — деп жазады Рүстем Биғари.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support