- Advertisement -

Карантин кезінде той жасаған мектеп директорына айыппұл салынды

115

- Advertisement -

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында мониторингтік топ Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласындағы мейрамханалардың бірінде жаппай отбасылық салтанатты шараның өткізілуі туралы бейнежазбаны байқаған болатын.

Шу ауданының әкімдігі полиция бөлімі және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті бірлесіп жүргізген тексеріс барысында бұл факті ағымдағы жылдың 26 маусым күні орын алғандығы расталды.

Карантин режимін бұзып, іс-шара ұйымдастырғаны үшін ауданның 42 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынды.

Тойдың иесі Шу ауданы Төле би ауылындағы оқу орындарының бірінде директор болып қызмет ететіні белгілі болды. Бүгінде ол кезекті еңбек демалысында. Алайда демалысы аяқталғаннан кейін тәртіптік комиссияда оның атқарып отырған лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралмақ.

Бұдан бөлек, іс-шара өткен мекеме де анықталды. Нысан иесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support