Құқық

Шымкентте табылған авиациялық бомба оқу-жаттығуға арналған болып шықты

Шымкентте табылған авиациялық бомба оқу-жаттығуға арналған болып шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында табылған авиациялық бомба оқу-жаттығуға арналған болып шықты, деп хабарлайды ОҚО ІІД-нен. 

«8 қыркүйек күні шамамен сағат 17:07-де Шымкент қалалық ІІБ-ның жедел басқару орталығының 102 кезекші бөліміне Шымкент қаласындағы өнеркәсіп аймақтарының бірінде күдікті жарылғыш зат жатқандығы жөнінде хабар келіп түскен. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары мен өзге де жедел әрекет ету қызметкерлері сол маңды қоршауға алып, адамдарды қауіпті аймақтан алып шықты», делінген хабарламада. Арнайы тексеру барысында әскери бөлімнің саперлары жарылғыш затты залалсыздандырды. Анықталғандай, жарылғыш зат оқу-жаттығуға арналған авиациялық бомба болып шықты. Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары аталмыш жарылғыш заттың ол жерге қайдан, қалай тап болғандығын анықтауда.