- Advertisement -

Ақтөбеде вирусқа қарсы дәрі шығарыла бастады

98

- Advertisement -

Ақтөбедегі фармацевтикалық компания вирусқа қарсы дәрі шығара бастады, деп хабарлады  Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбедегі кәсіпорын 6 миллион түйіршік және капсула түріндегі дәрі шығарып, жылына 75 тоннаға дейін шәрбат өндіре алады. Мемлекет басшысының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тапсырмасын орындау мақсатында вирусқа қарсы «Грипповир» препаратын өндіру үшін шикізат сатып алуға компанияға 75 миллион теңге қаржы бөлінді. Препараттың өндірісі барлық халықаралық стандартқа сәйкес келеді. Бағасы нарықтағы ұсынылған аналогтардан 42 % арзан болады. Мұнда аптасына 5 мың, ал аса қажет болса 15 мың дәрі шығару жоспарда бар.

«Жергілікті тауар өндірушіні қолдап, қаржы бөлінді. Нәтижесінде «Грипповир» дәрісі 1500 теңгеге шығарылуда. Осылай өндіріс көлемін өсіруге болады. Дәрі түрін көбейтіп, бағасын төмендетуге мүмкіндік бар», — деді «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржанова.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support