Басты жаңалық

Белгілі ғалым Мартин Джон Рис атеизмнен бас тартты

Белгілі ғалым Мартин Джон Рис атеизмнен бас тартты

Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, әлем өздігінен жоқтан бар болып жаратылған емес. Алайда, озық технологиялық зерттеулердің нәтижесінде белгілі болған ДНҚ молекулаларының құрылысы мен құрамы, онда сақталатын орасан ақпарат, генетикалық кодтар – бұның бәрі бір Жаратушының бар екендігіне айқын дәлел. Британдық физик Мартин Джон Рис Жаратушының бар екендігін дәлелдеп, Темплтонов сыйлығының лауреаты атанды. Сыйақы мөлшері - $ 1,4 миллион. 500-ден астам ғылыми еңбектің авторы атанған ол осы уақытқа дейін өзін атеист санап келген болатын. Темплтонов жүлдесі ғылым мен дін арасындағы байланысты ашқан ғалымдарға беріледі. Халықаралық Теориялық және қолданбалы физика институтының директоры Анатолий Акимов аталмыш еңбекте Құдайдың бар екендігі нақты ғылыми дәлелдермен қорғалғанын айтады. «Жаратушы Иенің бар екендігі сөзсіз. Бұл көптеген ғалымдардың сенімі. Және олар тек сеніп қана қоймайды, өздерінің білімдері арқылы нақты дәлелдерге сүйенеді. Өткен ғасырда көптеген ғалым-физиктер Құдай бар екендігіне сеніп өткен. Тіпті Исаак Ньютон заманына дейін дін мен ғылым арасы бөлінбеген болатын. Себебі, сол заманда ғылыммен айналыса алатын білімді адамдар сол дін мамандары еді. Ньютон өзі құдайшылдығын еш жасырмаған. «Мен механика заңдарын Жаратушының заңдарынан аламын» деген сөзі бар оның», – дейді Акимов. Егер көптеген ғалымдардың дәлелдемек болған эволюция заңына сүйенетін болсақ, Жер бетіндегі жай ғана клеткадан биохимиялық әрекеттер арқасында адам пайда болуы үшін кететін уақыт бүкіл он сегіз мың ғаламның түзілуінен де артық уақыт алатын көрінеді.