Үндістан мен Пәкістандағы су тасқыны 400 адамның өмірін қиды
Үндістан мен Пәкістандағы су тасқыны 400 адамның өмірін қиды
Үндістан мен Пәкістандағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 400 адамға жетті. Тағы 700-ден астам адам жараланған. Табиғи апаттан Үндістанның Пенджаб штаты мен Кашмир штатының Пәкістанға тиесілі бөлігі қатты зардап шеккен. Қазір топан судың кесірінен аталған аймақтарда бірнеше мыңдаған баспана жарамсыз болып қалды. Сондай-ақ мұндағы күре жолдар мен көпірлерді су басқандықтан, көлік қозғалысы тоқтаған. Апатты аймақтардың халқы таза ауыз су мен азық-түліктің тапшылығына шағымдануда. Осыған байланысты Үндістанның әуе күштері тікұшақпен гуманитарлық көмек жеткізуді қолға алған. Бірақ билік өкілдерінің өткізіп жатқан шарасына көңілі толмаған жергілікті тұрғын былай деді. Мухаммад Кабир Мырза, жергілікті тұрғын: – Үкімет апаттан зардап шеккендерді құтқаруға білек сыбана кірісті деп айту артықшылық. Олар мұнда тікұшақ тұрсын, тіпті қайық та жіберген жоқ. Топан судың кесірінен ішерге асымыз да қалмады.