Экономика

Ұлттық банк теңге бағамының ең төменгі шегін белгіледі

Ұлттық банк теңге бағамының ең төменгі шегін белгіледі

Қазақстан ұлттық банкі теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының ең төменгі шегін белгіледі. Бұл жайында  Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.  Оның айтуынша, енді теңгенің долларға шаққандағы бағамы 170-тен 188 теңгеге дейін өзгереді. Теңге бағамының күшею мүмкіндігін Қ.Келімбетов елдің алтын-валюта қорының өсуімен және төлем балансының оң көрсеткішімен байланыстырады. Теңгенің долларға шаққандағы ең төменгі бағамын өзгерту шешімі өткен аптада талқыланған. 11 ақпанда Қазақстан Ұлттық банкі теңгенің долларға шаққандағы жаңа бағамын 185 теңге шегінде белгілеген еді. Банк теңгені құнсыздандыру «әлемдік қаржы нарығы мен тауар нарығындағы күрделі жағдайдан, Ресей рублінің құнының түсуінен туындады» деп түсіндірген. Девальвация болғалы бері теңгенің долларға шаққандағы бағамы 182-183 теңге шамасында тұрақтады.

 «Ақ жол-Ақпарат».