- Advertisement -

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушыларды валюталық ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландырудың жеңілдікті талаптарын пайдалануға шақырады

67

- Advertisement -

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін теңгемен жеңілдік бағамымен берілген жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруды көздейді. Бағдарламаға енгізілген өзгерістер қарыз алушылардың борыш жүктемесін екі еседен астам төмендетуге мүмкіндік береді.
1. Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы (1 АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) бойынша қарыз бойынша негізгі борыш қалдығы қайта қаржыландырылады.
2. Қарыз алушының сыйақы, комиссиялар, тұрақсыздық сомасы бойынша мерзімі өткен берешегі есептен шығарылады және оған банктер рақымшылық жасауға тиіс.
3. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына (ХӘОТ) жататын қарыз алушылар үшін қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3%-ды, өзге қарыз алушылар үшін 12%-ды құрайды. Егер қолданыстағы қарыз бойынша мөлшерлеме көрсетілген мәндерден төмен болса, ол ұлғайтылмауға тиіс.
4. Қарыз алушы қарызды қайта қаржыландырған кезде банкке қандай да болмасын комиссияларды төлемейді.
Бүгінгі күні валюталық қарыздары борыш жүктемесін азайту үшін Бағдарламаның талаптарымен қайта қаржыландырылуы мүмкін азаматтардың бір бөлігі оларға ипотекалық қарыздар бойынша мемлекет берген жеңілдік талаптарын пайдаланбаған. Осыған байланысты қарыз алушылар жақын арада өздерінің кредитор банкіне өтініш жасауы қажет. Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 15 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады, ал қарыздарды қайта қаржыландыру 2020 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
Өтінімдер құжаттардың ең аз топтамасын ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралады: өтініштен басқа, қарыз алушының санатын – ХӘОТ растайтын құжаттар топтамасын, сондай-ақ кепіл берушінің жылжымайтын мүлікке анықтамасын және тәуелсіз бағалаушының жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебін ұсыну қажет.
Өзге құжаттарды ұсыну немесе мерзімі өткен берешекті өтеу талап етілмейді.
Банктер қайта қаржыландыру мерзімі аяқталған соң заңнамада көзделген, берешекті өндіріп алуға бағытталған шараларды қолдануға құқылы.
Агенттік Бағдарламаның талаптарын орындау, оның ішінде дербес хабарлау арқылы қарыз алушыларды барынша қамту бөлігінде банктерге бақылау жүргізеді.
Бұған қосымша Бағдарламаның талаптарын іске асырудың айқындылығын қамтамасыз ету және бақылау үшін Қазақстанның барлық өңірінде қарыз алушылардың банктің Бағдарламаның талаптары бойынша қарызды қайта қаржыландыруға бас тартуының заңды болуына шағымдарын қарауды көздейтін арнайы комиссиялар жұмыс істейді. 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша комиссиялар қарыз алушылардың 5 094 шағымын қарады.
2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 82 млрд теңге сомаға 9 074 қарыз мақұлданды, валюталық ипотекалық қарыздардың 68,4 млрд теңге сомаға 7 750 қарызы қайта қаржыландырылды.
Анықтама үшін: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында қарыз алушылармен өзара іс-қимыл үшін банктердің қызметкерлерінің байланыс телефондары және банктердің ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету мәселесін қарауы үшін қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуларына қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиялар туралы ақпарат орналастырылған.
Сондай-ақ www.finreg.kz және www.fingramota.kz сайттарында «кері байланыс» функциясымен және Бағдарламаны іске асыру талаптары бойынша сұрақ қою мүмкіндігімен Бағдарлама бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар орналастырылған.

«Қазақстан Республикасының қаржы
нарығын реттеу және дамыту агенттігі» РММ
Тараз қ. өңірлік өкілдер басқармасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support