- Advertisement -

Полицияның бір міндеті – отбасын сақтау

68

- Advertisement -

Полиция қызметінің бір саласы – әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімі. Бүгінгі таңда қоғамдағы көптеген мәселенің туындап, түрлі дау-жанжалға толы проблемасы бар бұл бөлімнің жұмысы аса күрделі. Өйткені мұнда тұтастай отбасының тағдыры тұр. Біздің бөлім отбасында жанжал жасап, дау туғызған азаматтармен жұмыс істейді.

Мысалы, ішкі істер органдарының есебіне барлығы 2948 адам тіркеуге алынды. Оның 90-ы бұрын сотты болғандар. Ал ішкілікке салынғандар – 259, нашақорлар мен токсикомандар – 73, ерекше талаптар қойылғандар бойынша – 151, қорғау нұсқамалары бойынша – 1423 азамат бақылауымызда.
Осы кезеңде облыстық учаскелік полиция инспекторларымен әйелдерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен барлығы – 418, 73-1-бабымен – 128, 73-2-бабымен – 101 материал жинастырылып сот қарауына жолданып, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ішкі істер органдарының азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау барысында мемлекеттік, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп жұмыс жүргізуі өте маңызды. Әсіресе біздің бөлімде ондай жұмыстар ауадай қажет. Өйткені бүгінде әйелдер мен балаларға қамқорлық көрсету, маскүнемдер мен нашақорларды емдеу, психологиялық көмек көрсету сынды жұмыстармен айналысатын қоғамдық бірлестіктер мен арнайы ұйымдар көп. Солармен бірлесе атқарған жұмыс анағұрлым жемісті болып жатады.
Осы орайда мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жыл басынан бері түрлі форматта 93 іс-шара өткізгенімізді айта кетейін. Іскер әйелдер қауымдастығы іске асыратын «Отбасы институтының алдын алу және гендерлік мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша арнайы вебинар ұйымдастырылды. Онда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы жаңа заң жобасын әзірлеушілердің бірі, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» ЗТҰ басшысы Зульфия Байсакова, аталған одақтың психологі Салтанат Маусеитова полиция қызметкерлері мен осы мәселемен тікелей айналысатын өкілетті орган қызметкерлеріне құнды ақпарат берді. Сондай-ақ облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры Жамал Қалыбекова өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
2014 жылдың шілде айынан бастап Тараз қаласында «Ана үйі» атты 12 төсек-орны бар аралас типті мемлекеттік емес дағдарыс орталығы ашылған болатын. Өкінішке қарай, биыл бұл «Ана үйінің» төсек орны 27-ге жеткізілді. Жаңа туған нәрестесін жас аналар жетімдер үйіне өткізбеуі үшін, баласынан бас тартпақ болған қыз-келіншектерді райынан қайтарып, олардың аяғынан тұрып кетуіне қолдау көрсету мақсатында ашылған орталыққа жүгінетіндер саны жыл өткен сайын артып отырғаны қынжылтады.
Осы уақытқа дейін «Ана үйіне» 42 нәрестелі әйел орналастырылды. Сенім телефоны арқылы 36 әйелге кеңес берілген. Қазірде онда 44 әйел тұрып жатыр.
Сондай-ақ, 2014 жылы облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы» да ашылған болатын. Шарасыз жағдайға тап болғандарға уақытша паналауға арналған мекеме 27 жатын орынға шақталған. Дағдарыс орталығына хабарласқан 163 қыз-келіншекке кеңес беріліп, 39 әйел осы орталықтың көмегіне жүгініп, 16 әйел 28 баласымен осы дағдарыс орталығында болған.

Ақмарал Жанисова,
облыстық полиция департаментінің әйелдерді
зорлық-зомбылықтан қорғау
бөлімінің аға инспекторы,
полиция подполковнигі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support