Әлеумет

Жамбыл облысында демалыс күндері карантиндік шаралар күшейтіледі

Жамбыл облысында демалыс күндері карантиндік шаралар күшейтіледі

Тараз қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен ағымдағы жылдың 20-21 маусым аралығында облыс орталығында карантиндік шаралар күшейтілуде: 22.00-ден 06.00-ге дейінгі уақыт аралығында қалада халықтың қозғалысына шектеу қойылады. Саябақтардың, алаңдардың және скверлердің жұмысына тыйым салынады. Субұрқақтарда, «Зербұлақ» демалыс аймағында, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде (Талас өзенінің жағасында, қала арналарында және т.б.) шомылуға тыйым салынады. Сондай-ақ, 65 жастан асқан адамдар мен денсаулықтың жалпы ақаулары бар «қауіп тобына» кіретін тұрғындардың аса қажет болмаған жағдайда үйден шығуы шектеледі. Облыс орталығының тұрғындары үйден тыс жерлерде кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс. Барлық жерде бетпердесіз жүруге, сонымен қатар бұқаралық отбасылық және спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.