Бүлдіршіндерді қуантты
Бүлдіршіндерді қуантты
Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі» атты ертеңгілік өткізді. Ойын алаңының сахнасы түрлі шарлармен, жалаушалармен, қолшатырлармен, баннермен безендірілді. Бұл карантин режімі кезінде балаларға керемет мерекелік сыйлық болды. Балалар тастарға, ақ футболкаларға сурет салып, гипстен жасалған мүсіндерді түрлі түсті бояулармен бояу бойынша шеберліктерін көрсетті. Бірінші топтың жеткіншектері «Күлімсіреген беттер», екінші топ пен алтыншы топтың кішкентай бүлдіршіндері «Біз ғажайып балалар» билерін билеп, түрлі әндер айтты. Бүлдіршіндерімізге арнайы алуан түрлі сыйлықтар, тәттілер, балмұздақтар тарту етілді.
Мадина Сандықбаева, №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының әдіскері.