Еліміздің көп бөлігінде күн суық болады
Еліміздің көп бөлігінде күн суық болады
Қыркүйектің 9-11-і аралығында Қазақстанда күн суытады, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Циклон мен сонымен байланысты атмосфералық таралымдар алдағы күндері Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарына ықпал етеді. Бұл облыстардың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін", - делінген таратылған хабарламада. Сондай-ақ Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күн суытады, түнгі мезгілде 0-5 градусқа дейін ызғар болуы ықтимал.
Республиканың оңтүстігі мен батысында күн жауын-шашынсыз болады, күндіз ауа температурасы 23-33 градус жылы болады. Астанада 10-12 қыркүйек күндері түнде ауа 0-2 градусқа дейін суытады.
Ақпарат көзі Tengrinews.kz