Білім

Таразда үшем дүниеге келді

Таразда үшем дүниеге келді

Альмира ОМАРОВА

Облыс орталығында екінші үшем дүниеге келді. Тараздық 33 жастағы Райхан Шахарбаеваның бұл екінші жүктілігі еді. Облыстық көпбейінді ауруханасында босанған оның 1 ұл және 2 қызы мерзімінен бұрын, нақтырақ айтқанда, жүктіліктің 33-аптасында кесарь тілігімен туылған. Шақалақтарға азан шақырып Арман, Асылай, Арсен атты есімдер қойылды. 28 сәуір күні өмір есігін ашқан олардың салмақтары тиісінше 2235, 1679, 1619 грамм болыпты. – Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Дәрігерлер сәбилерімнің жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр, – деген Райханмен тілдескен біз нәрестелердің жағдайлары жақсы, өзінің де денсаулығы ойдағыдай екенін білдік. Қуаныш иесі 11 мамыр күні үйіне шығарылыпты. Бұрынғы Былғары комбинатының жатақханасының екі бөлмесін жалдап отырған оларды шаңырағында 4 жастағы Аяла есімді қызы мен жұбайы Абзал Бөгенбаев күтіп алды. Ол Тараз металлургиялық зауытында жұмысшы болса, Райханның өзі осыған дейін еш жерде жұмыс істемеген екен.

Тараз қаласы.