«Құлан-Дән» құрылтайшыларының бастамасы
«Құлан-Дән» құрылтайшыларының бастамасы
Карантиндік жағдайда «Құлан-Дән» несие серіктестігінің құрылтайшылары «Мейірім» қоры арқылы ауданда тұратын 210 отбасына көмек көрсетті. Олар жалпы құны 3 миллион теңгенің азық-түлік пакетін аз қамтылған, көп балалы аналардың отбасыларына бөліп таратты. Бұл қайырымды істің ұйымдастырушылары болып серіктестіктің құрылтайшылары Сырғатай Махамбетов, Санат Қырықбаев, Бейсембай Таңбаев табылады. Біз «Құлан-Дән» серіктестігінің бас директоы Рахманалы Әбдіқадырұлын сөзге тартқан едік. – Бұл өзі көптен бері көкейде жүрген іс еді. Құрылтайшылармен кеңесе келіп барлығы 3 миллион теңгенің азық-түлік пакетін дивиденттері есебінен 210 отбасына беруді ұйғардық. Дәлірек айтқанда, көмекке зәру деген отбасыларға бір қап ұн, бес килограмм макорон өнімдерін, 20 килограмм құмшекер, 4 литр өсімдік майы мен шәй тараттық. Бұдан бөлек, көрші аудан азаматтарына 2 миллион 700 мың теңгенің көмегі көрсетілсе, Байзақ ауданындағы 40 отбасына да осындай азық-түлік пакеті таратылды, – деді ол. Серіктестік бұдан бұрын 425 құрылтайшысына 3 миллиард 500 миллион теңге несие берген екен. Серіктестіктің қолдауының арқасында диқандар жаңа техника алып, шаруашылықтарын алға бастыруда. Ал мынау қайырымдылық іс-шарасын құрылтайшылардың үлкен жомарттығының белгісі деп білген жөн. Азық-түлік пакеттерін таратуға аудандық «Жас Отан» жастар қанаты мен еріктілер қолдау көрсетті. Құлан ауылында пәтер жалдап тұратын төрт баланың анасы Назгүл Әлімбекова бұл іс-шараның ұйымдастырушыларына алғысын білдірді. Сейсен ҚОЖЕКЕ, журналист.