Саясат

Қазақстанда Кедендік бақылау комитеті қайта құрылды

Қазақстанда Кедендік бақылау комитеті қайта құрылды

Қазақстанда Кедендік бақылау комитеті қайта құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kzаталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылы 14 тамызда шыққан № 933 Қаулысына сай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетімен бірігуі арқылы өзінің қайта құрылатындығын жариялайды", - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Үкіметті қайта құру жүргізілген соң Қазақстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетін Дәулет Ерғожин басқарған. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын Нұрсұлтан Назарбаев министрліктер санын азайтып, Үкіметті қайтадан құрған болатын

Ақпарат көзі Tengrinews.kz